Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жүк көлігі шатқалға түсіп, ер адам мерт болды

Опубликовано:

Алматы облысында жүк көлігі шатқалға түсіп, ер адам мерт болды
Оқиға орны. Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Алматы облысында жүк көлігі шатқалға түсіп кетіп, нәтижесінде ер адам мерт болды. Оқиға Ескелді ауданында орын алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 сәуірде сағат 15:30-да Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Ескелді ауданында "Шерқасай" шатқалына таудағы жолдан "Газ-66" автокөлігі аударылып түскені туралы хабар жеткен.

"Оқиға салдарынан 1969 жылғы ер адам сол жерде қаза тауып, 1990 жылғы азамат жарақат алған", - деді ТЖД хабарламасында.

Алматы облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушыларының (5 қызметкер мен бір техника), еріктілердің (10 адам мен 2 техника) көмегімен шатқалдан қаза тапқан жүргізушінің мәйіті шығарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964329-almaty-oblysynda-zuk-koligi-satqalga-tusip-er-adam-mert-boldy/

pixel