Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда ұрыны ұстау үшін шатырдың үстіне бір-ақ шыққан полицейлердің видеосы тарады

Опубликовано:

Ұрыны ұстау сәті
Видеодан кадр: instagram.com/taldykorganec.insta

Талдықорғанда полиция қызметкерлеріне ұрыны ұстау үшін жеке үйлердің шатырына шығуына тура келген. Қалалықтар болған жайтты видеоға түсіріп алған, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Алматы облысы полиция департаментінің басылымға хабарлауынша, жеке үйге ұры түскені туралы ақпарат 10 сәуір күні түнде келіп түскен.

Шақырту орнына келген полицейлерге үй иесі сынған терезенің дауысын естігенін және ұрыны абайсызда қорқытып жібергенін айтқан.

Тәртіп сақшылары айналаны шолып жүрген сәтте кенет иттің үргеннін естіген. Содан кейін үйдің шатырынан ер адамды байқаған.

"Ол қашуға тырысты, бірақ полиция қызметкерлері үйді қоршауға алып, күдіктіден шатырдан түсуді сұрады. Содан кейін жоғарыға көтеріліп, шатырда тығылып отырған оны қолға түсірді. Екі азамат қалалық полицияға ұрлық жасауға талпыну дерегі бойынша ресми түрде арыз түсірді", - дейді полициядан.

Одан бөлек құзырлы орган ұсталған күдіктінің 35 жаста екенін, ол ұрлық және зорлау дерегі бойынша бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964352-taldyqorganda-uryny-uidin-satyrynan-ustap-algan-policeilerdin-videosy-tarady/

pixel