Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте Қазақстанның үш өңірінде ғана коронавирус жұқтырғандар анықталды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 12 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Telegram-дағы Coronavirus2020.kz арнасы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 4;
  • Алматы қаласы - 7;
  • Шығыс Қазақстан облысы - 1.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 305 304-ке жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте елімізде 7 адам коронавирустан жазылып шыққан.

Одан бөлек 10 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 465 962 адам, екінші компонентін 9 198 853 адам салдырған.

Айта кетейік, 9 сәуірдегі мәлімет бойынша елімізде 13 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964360-elimizde-otken-taulikte-covid-19-zuqtyrgandar-nebari-us-onirde-tirkeldi/

pixel