Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында әлеуметтік желіде былапыт сөздер жазған ер адам сот алдына келді

Опубликовано:

Әлеуметтік желілер
Көрнекі фото: Pexels.com

Атырау облысы Индер ауданында әлеуметтік желіде өзге біреуге былапыт сөздер жазған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Басылымның хабарлауынша, Индер аудандық сотында алғаш рет әлеуметтік желіде жала жабу арызы негізінде әкімшілік іс қаралған.

"45 жастағы ер адам Facebook желісінде жәбірленушінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін былапыт сөздер жазған. Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады, сондай-ақ оның кінәсі қосымша лингвистикалық ғылыми зерттеу жұмыстарымен толықтай дәледенді", - дейді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен ер адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 3, 2-бөлігі бойынша ("Телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жала жабу") кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысында WhatsApp мессенджеріндегі чатта әдепсіз сөздері бар дыбыстық хабарламалар жіберген ер адамның да жауапқа тартылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964396-atyrau-oblysynda-facebook-aleumettik-zelisinde-bylapyt-sozder-zazgan-er-adam-sot-aldyna-keldi/

pixel