Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмысқа орналастырып беремін": Түркістан облысында алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Жұмысқа орналастырамын деп алдаған
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында алаяқтық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, жергілікті тұрғын Төлеби аудандық полиция бөліміне алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағымданған.

Жәбірленушінің сөзінше, былтыр алыс танысы мектепке мұғалім ретінде жұмысқа орналастырып беретінін айтып, 600 мың теңге қаражат алған.

Алайда ол бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа тұрмаған, тіпті берген ақшасын да қайтарып ала алмаған. Салдарынан полицияға жүгінуге мәжбүр болған.

Полицейлер аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алып, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген.

Кейін күдік ретінде жергілікті тұрғын ұсталған.

"Тексеру кезінде ұсталған ер азаматтың жұмыссыз екені белгілі болды. Яғни, күдікті жәбірленушіге жалған уәде беріп, алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтауда", - дейді полициядан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964406-mektep-zumysqa-ornalastyryp-beremin-turkistan-oblysynda-alayaqtyq-zasady-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/

pixel