Шымкентте жас жігіт құзға өрмелеу аттракционынан құлап кетті

Опубликовано:

Құзға өрмелеу
Көрнекі фото: pixabay.com

10 сәуірде кешкі уақытта Шымкенттегі "Жайлаукөл" саябағында жас жігіт аттракционнан құлап кетіп, түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның қазіргі жағдайын айтып берді, деп хабарлайды Telegram-дағы Otyrar.kz арнасы.

Болған жайттың куәсі болған қорғаушы Евгений Яворскийдің сөзінше, 20 жастағы жігіт құзға өрмелеу аттракционынан құлап кеткен.

"Көктем келді. Адамдар көңіл көтеру саябақтары мен су қоймаларына барады. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін барлық техникалық құралдарға толық тексеріс жүргізу керек", - дейді ол.

Яворскийдің айтуынша, саябақ ұжымы жедел әркет етіп, тез арада жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлердің мәліметінше, 10 сәуір күні Шымкенттегі саябақтардың бірінен "103" қызметіне жас жігіттің биіктен құлап кетіп, жарақат алғаны туралы қоңырау келіп түскен.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіп, оны №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген.

Тексеру барысында науқастың маңдай аймағының жыртылғаны анықталған. Оған желде түрде ота жасалған.

Қазір зардап шеккен азамат ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964426-symkentte-zas-zigit-attrakcionnan-qulap-ketti-video/