Байқоңырда Сырдарияға батып кеткен адамның денесі екі айдан бері табылмай жатыр

Опубликовано:

Су
Көрнекі фото: Polisia.kz

Қызылорда облысында Сырдария өзеніне суға кеткен 54 жастағы азаматтың мәйіті екі айдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 ақпан күні Байқоңыр қаласындағы "Маяк" спорт кешені аумағында 1968 жылы дүниеге келген азамат суға кеткен. Ол мұз үстінен өтіп бара жатқан уақытта тілсіз жаудың құрбанына айналды.

"Төтенше жағдайлар саласының мамандары оқиға орнында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған 2 техника, 2 қайық пен 7 құтқарушы және туыстары атсалысуда. Әзірге нәтиже жоқ", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Департамент мәліметінше, жыл басынан бері алғашқы адам суға кетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964465-baiqonyrda-syrdariyaga-batyp-ketken-adamnyn-denesi-eki-aidan-beri-tabylmai-zatyr/