Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталды

Опубликовано:

күдікті
Көрнекі фото: sputnik.kz

Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы Талғат Тәліпов ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады. Спикерлер қаңтар оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын бөлісті.

Елдос Қилымжанов ресми мәлімдеме жасады
Елдос Қилымжанов. Скриншот: YouTube / ОКҚ

"Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Ол өзінің қызметтік міндеттерін орындамады. Әуежайды күзетсіз қалдырды. Осылайша әуежайды басып алуға жол берді. Салдарынан әуежайға айтарлықтай зиян келді. Оның инфрақұрылымы бұзылды, кәсіпкерлердің мүлкі ұрланды, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді", - деді Елдос Қилымжанов.

Спикердің айтуынша, сол кезде әуежайда 165 қауіпсіздік қызметкері болған. Оның ішінде 40 полиция қызметкері, 65 шекарашы, 60 авиациялық қауіпсіздік қызметкері бар. Олардың барлығы шабуылға тойтарыс беру үшін жеткілікті атыс қаруымен қамтамасыз етілген көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964470-almaty-qalasy-auezaiynyn-zelilik-policiya-boliminin-bastygy-ustaldy/

pixel