Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Денесін жақтастары алып кеткен": Қилымжанов Алматыда мерт болған снайпер туралы айтты

Опубликовано:

Снайпердің жек басы анықталды
Көрнекі фото: pixabay.com

Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаңтар айындағы оқиғалар кезінде адамдардың қаза болуына қатысты мән-жайды анықтау барысы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елдос Қилымжанов осындай фактілер бойынша қылмыстық қудалау органы мұқият тергеу жүргізіп, болған оқиғаның көрінісін күн сайын қалпына келтіріп жатқанын мәлімдеді.

"Арнайы прокурорлар жүргізілген сот молекулалық-генетикалық сараптама нәтижелері бойынша Алматы қаласында қаза тапқан снайпердің жеке басын анықтады.

Оқ атқан адам саны төртеу болды. Қаза тапқанның денесін жақтастары өздерімен бірге әкетіп, қалалық аурухана маңында қалдырып кеткен. Кейін ол қалалық мәйітханадан табылды. Ол "С" есімді азамат болып шықты.

Қасіретті қаңтар оқиғалары кезінде ол тұрғын үйдің төбесіне орналасып, Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне оқ жаудырған", — деді спикер.

Оның сөздерінше, қазіргі таңда қалған 3 снайперді анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Естеріңізде болса, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында бұзақылардың түнде мәйітханаға шабуыл жасап, сыбайластарының денесін алып кеткені туралы мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964479-denesin-zaqtastary-alyp-ketken-qilymzanov-almatyda-mert-bolgan-snaiper-turaly-aitty/

pixel