Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоғам пікірін елеусіз қалдыруға болмайды": Әшімбаев кибербуллингке қарсы құжат туралы айтты

Опубликовано:

Мәулен Әшімбаев
Мәулен Әшімбаев. Фото: gov.kz

Сенаттың кезекті отырысында депутаттар баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері туралы заң жобасын қарайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Парламент сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл құжат балаларды кез келген зорлық-зомбылықтан, оның ішінде отбасылық қатынастар, білім беру және ақпарат салалары бойынша қорғау тетіктерін жақсартуға арналған. Алайда заң жобасы қоғамда дау туғызды: көптеген қазақстандық бұл заң болашақта әлеуметтік желілерді бұғаттауға және сөз бостандығын шектеуге мүмкіндік береді деп есептейді.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев балаларды буллингтен және кибербуллингтен қорғау маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

"Бұл заң жобасының кейбір нормалары қоғамда қызу талқыланғанын жақсы білемін. Кез келген заң жобасын талқылау кезінде халықтың осындай белсенділігі үлкен маңызға ие. Қазіргі таңда сенаторлар ұсынылған нормаларды мұқият зерттеп, барлық пікірді ескеріп, жұмыс істеп жатыр. Басты міндет – балалардың құқығын қорғайтын сапалы заң қабылдау. Бұл ретте қоғамның пікірін елеусіз қалдыруға болмайтыны сөзсіз. Өйткені заң жобасы "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына қайшы келмеуі керек", - деді сенат төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964521-qogam-pikirin-eleusiz-qaldyruga-bolmaidy-asimbaev-kiberbullingke-qarsy-quzat-turaly-aitty/

pixel