Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жоғалған әйелдің мәйіті ауыл маңындағы ағын судан табылды

Опубликовано:

Су
Көрнекі фото: Polisia.kz

Шымкентте жоғалған келіншектің денесі ауыл маңындағы ағын судан табылды. Құтқарушылар мен сүңгірулер іздестіру жұмыстарын 2 тәулік бойы жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еңбекші ауданының Жылан бұзған ауылының тұрғыны, 1977 жылғы келіншек 10 сәуір күні сағат 22:08 шамасында үйден шығып кеткеннен соң, қайта оралмаған. ”Суға түсіп кетті“ деп болжам жасаған туыстары бірден төтенше жағда департаментіне қоңырау соғып, көмек сұрапты.

“Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағы мен кинологиялық қызмет мамандары ауыл маңынан ағып өтетін суармалы каналда іздеу жұмыстарын жүргізді. Оның ені 3 метр, тереңдігі 2-2,5 метрді құрайды. Нәтижесінде 11 сәуір күні сағат 12.15-те әйел адамның денесін судан тауып, шығарып алды”, -делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының 11 қызметкері, 2 бірлік техникасы мен 1 кинологиялық есеп қызметі жұмылдырылған.

Сондай-ақ полиция департаментінің 10 қызметкері мен 3 бірлік техникасы, 30 –ға жуық ауыл тұрғындары көмек көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964524-symkentte-zogalgan-aieldin-maiiti-auyl-manyndagy-agyn-sudan-tabyldy/

pixel