Павлодар облысының тұрғыны қараусыз жатқан ғимараттың жертөлесінде қару сақтаған

Опубликовано:

Қару
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысының тұрғыны қараусыз жатқан ғимараттың жертөлесінде қару сақтаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қару" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Павлодар полицейлері заңсыз айналымнан 76 бірлік қару тәркіледі, оның ішінде тегіс ұңғылы – 44, ойық ұңғылы – 4, электрлі – 12, газды – 14, травматикалық екі, төрт граната және 104 дана патрон бар.

"Мысалы, Аққулы ауданының Шарбақты ауылына кіре берісте полиция қызметкерлері Павлодар қаласының 37 жастағы тұрғынын тоқтатты, оның спорттық сөмкесінен ИЖ-54 тегіс ұңғылы екі ұңғылы қарудың кесіндісі табылды және тәркіленді. Ер адам Шарбақты ауылының қараусыз қалған ғимаратының жертөлесінде қару ұстағанын түсіндірді. Баллистикалық зерттеу тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері шаруа қожалықтарын, мал жайылым учаскелерін, заңды тұлғаларды, мамандандырылған дүкендерді, азаматтық қару иелерін тексереді. Тіркелмеген қаруды сақтау және алып жүру фактілері бойынша 53 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тұрғылықты жері бойынша 9 196 жеке қару иелері тексерілді, тексеру нәтижесінде 342 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. ӘҚБтК-нің 484-бабы (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған 250 тұрғын азаматтық, қызметтік қаруды, оның патрондарын сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерін сақтамаған. 77 адам тіркеу және қайта тіркеу тәртібін бұзған.

Олар ҚР ӘҚБК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша жазаға тартылды. Сонымен қатар, аталған бұзушылықтарға жол берген тіркелген қару иелерінен 384 қару тәркіленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964544-pavlodar-oblysynyn-turgyny-qarausyz-zatqan-gimarattyn-zertolesinde-qaru-saqtagan/