Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте Қазақстанның үш өңірінде ғана коронавирус жұқтырғандар тіркелді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, 11 сәуірде елімізде коронавирус жұқтырған 11 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасы.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 2

Алматы қаласында - 7

Солтүстік Қазақстан облысында - 2.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 305 315-ке жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы №4 қалалық емхананың дәрігері Мақпал Мақашева коронавирус жұқтырған жағдайда ораза ұстауға бола ма деген сауалға жауап берген еді.

Оның сөзінше, коронавирус инфекциясын жұқтырған адамға ораза ұстаудың қажеті жоқ. Өйткені бұл кезеңде иммундық жүйеге артық салмақ түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964557-otken-taulikte-qazaqstannyn-us-onirinde-gana-koronavirus-zuqtyrgandar-tirkeldi/

pixel