Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк: Ресейлік банктерге қатысты санкциялар еліміздегі банктерге әсер етпейді

Опубликовано:

Ұлттық банк. Фото
Ұлттық банк. Фото: nationalbank.kz

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы ресейлік банктер мен олардың Қазақстандағы еншілес ұйымдарына қатысты енгізілген санкциялар қазақстандық банктерге әсер етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың мәліметінше, Қазақстандағы Ресей банктері мен олардың еншілес ұйымдарына қатысты санкциялардың кеңеюі аталған банктердің жұмысына - доллар, еуро аударымдары мен карталық операцияларға әсер еткен, Себебі Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері олардың карта бойынша операцияларын шектеп отыр.

Осы орайда ресейлік банктердің еншілес ұйымдары шектеусіз штаттық режимде қолма-қол теңгемен қамтамасыз етілмек.

"Аталған банктерге қатысты енгізілген санкциялар мен шектеулер қазақстандық банктердің қызметіне әсер етпейді", - деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964587-ulttyq-bank-reseilik-bankterge-qatysty-sankciyalar-elimizdegi-bankterge-aser-etpeidi/

pixel