Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрбысының атынан несие алған түркістандық әйелдің әрекеті 3 жылдан соң әшкере болды

Опубликовано:

қыздар
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында полиция қызметкерлері құрбысын алдап, несие рәсімдеген әйелді ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Түркістан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қазығұрт аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.

Жәбірленушінің сөзінше, 2019 жылы оның атынан белгісіз біреу микроқаржы ұйымдарынан несие рәсімдеген.

Бұл туралы ол қаржы мекемесінен қарызды төлеу туралы хабарлама келгенде бір-ақ білген.

Белгілі болғандай, әйелге құрбысының бірі қоңырау шалып, телефонға келген құпия сандарды айтуды сұраған. Деректерді алғаннан кейін құрбысы заңсыз несие рәсімдеп, жәбірленушінің атынан 60 мың теңге несие алған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары алаяқтық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

Оның алаяқтық жолмен алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуға және жеке мәліметтерін бөтен адамдарға бермеуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964598-qurbysynyn-atynan-nesie-rasimdegen-turkistandyqtyn-areketi-us-zyldan-son-askere-boldy/

pixel