Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі профессор Темірхан Тебегенов дүние салды

Опубликовано:

Ғалым
Видеодан кадр: Асыл арна телеарнасы

Филология ғылымының докторы, профессор Темірхан Тебегенов өмірден өтті. Ғалым 73 жаста еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қаралы хабарды ақын Нұрдәулет Ақыш Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.

"Жалған дүние-ай! Темірхан Тебегенов те бақилық болыпты. Иманды болсын!" - деді ол.

Айта кетейік, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Темірхан Сақаұлы Тебегенов 1949 жылы 18 қарашада Қызылорда облысы Қармақшы ауданында өмірге келген.

Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген.

1972-1974 жылдары Қармақшы ауданы Қуаңдария кеңшарында №186 орта мектептің, 1974-1981 жылдары Қызылорда қаласының №10 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі, тәрбие жұмыстары жөніндегі меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1981-1991 жылдары - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы.

1991-2005 жылдары - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры.

Ғалымның өлеңдері, мақалалары республикалық газет-журналдарда, ғылыми жинақтарда жарияланған.

Көптеген еңбектері Қытай, Ресей, Татарстан, Түркия, Қарақалпақстан елдерінде жарияланған.

300-ге жуық мақалалардың және 9 кітаптың авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964623-belgili-professor-temirxan-tebegenov-dunie-saldy/

pixel