Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда ірі көлемдегі несиені жауып беремін деп алдаған күдікті ұсталды

Опубликовано:

Түркістанда алаяқтықпен айналысқан күдікті ұсталды
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістандық полицейлер тұрғындардың ірі көлемдегі несиесін жауып беремін деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданған.

Жәбірленушінің айтуынша, оны танысы алдап, өткен жылдың желтоқсан айында 6 миллион теңгесін алып, жоқ болыпты.

Арада бірнеше ай өткенімен, алаяқ уәдесін орындамаған не ақшаны да қайтарып бермеген. Күдікті жәбірленуші мен қызының банктердегі тоғыз миллион несиесі толық төленді деген түбіртекті алты миллион теңгеге әперемін деп сендірген.

Дәл осындай арызбен полицияға егде жастағы әйел де арызданған екен. Жәбірленуші алты млн қарызын 1,5 млн теңгемен жауып беремін деген танысының сөзіне иланып, сұрағанын беріпті.

"Аталған жайттар бір күдіктіге қатысты болғандықтан полицейлер істі бір өндіріске біріктіріп, Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Жәбірленушілердің жауабына сәйкес тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Күдікті бұрын алаяқтық жасап, сотты болған жас жігіт болып шықты. Күдікті тұрғындардан алдау жолымен алған ақшаны жеке басының пайдасы үшін жаратып жібергені белгілі болды", — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Полицейлер оның бұдан басқа алаяқтық қылмысына қатысы бар-жоғын анықтайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964632-turkistanda-iri-kolemdegi-nesieni-zauyp-beremin-dep-aldagan-kudikti-ustaldy/

pixel