Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында екі көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Опубликовано:

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы орын алды
Көрнекі фото: pixabay.com

Теміртау маңында "ВАЗ-2114" және Hyundai көліктері соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі ауруханаға түскен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апаты 11 сәуір күні кешкі уақытта болған.

Оқиға орнынан видео Instagram-дағы dorogi_karagandy парақшасында жарияланды. Кадрдан қираған көліктер мен зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге тырысқан жандарды байқауға болады.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатынан зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілген.

"Аталған факті полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша шешім қабылданатын болады", - дейді құзырлы орган.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, зардап шеккендердің екеуі медициналық мекемеге өте ауыр жағдайда түскен. Көрсетілген көмекке қарамастан, олардың біреуі қайтыс болған.

"Екі науқастың бірінің жағдайы ауыр, бірінің хәлі орташа ауыр деп бағалануда. Дене мүшесі бірнеше жерден сынған ер адам жансақтау бөлімінде, әйел политравма бөлімінде жатыр", - дейді ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964640-qaragandy-oblysynda-eki-kolik-soqtygysyp-bir-adam-qaza-tapty/

pixel