Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік әлеуметтік желілерді бұғаттауға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Әлеуметтік желілер
Көрнекі фото: Pexels.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп, әлеуметтік желіні бұғаттау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

"Ол жерде мессенджерлерді бұғаттау туралы мәселе көтеріліп тұрған жоқ. Егер ашық нормативтік-құқықтық актілер порталын ашсаңыздар, сол жерде парламенті сенаты арқылы балаларды кибербуллингтен қорғау туралы заңға түзетулер қабылданған жағдайдағы қаулы жобасы бар. Құжаттың сенаттан өту-өтпеуі де үлкен сұрақ туындатады", - деді Асқар Умаров.

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта аталған заң жобасына қатысты пікірлер қоғамда қызу талқылау жүріп жатыр.

"Біз халық үнінен құлақ асатын мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Соған орай талқылау да жүріп жатыр. Бұл да - жоба және талқылауға шығарылған. Бұғаттау туралы мәселе жоқ. Ол жерде шектеу туралы мәселе бар. Егер норма қабылданса, онда әлеуметтік желілердің әкімшілері оларды орындағысы келмейді. Соған орай заңның қазіргі жобасында шектеу мүмкіндігі туралы мәселе тұр", - деді ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964646-ministrlik-aleumettik-zelilerdi-bugattauga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel