Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да бұрынғы шенеунік әйелдер аттестациялаудан өткізу үшін мұғалімдерден ақша алған

Опубликовано:

Ұстаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы білім беру басқармасының мектепке дейінгі және орта жалпы білім беру бөлімінің басшысы, осы ведомствоның персоналды басқару қызметінің басшысы, сондай-ақ аудандық білім бөлімінің екі қызметкері сот алдына келді. Олар қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтықпен айналысты деп айыпталған. Бұл туралы Noks.kz №2 областық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Соттың мәліметінше, мемлекеттік қызметкерлер мұғалімдерге аттестациядан өтуге және біліктілік санатын алуға көмек көрсетуге уәде берген.

Ал қызметтері үшін ақы мөлшерлемесі бір адам үшін 150-ден 200 мың теңгеге дейін өзгеріп отырған. Нәтижесінде шенеуніктер жалпы сомасы 2 930 000 теңге алған.

Соттың дерегінше, барлық ақшалай операция банктік қосымша арқылы жүргізілген, қаражат таныстар мен туыстардың шоттарына түскен.

Сотта айыпталушылар өзіне ең төменгі жазаны тағайындауды сұраған. Барлық жағдайды ескере отырып сот үш айыпталушыға 4, 5, 6 және 13,3 млн теңге айыппұл салған.

Ал төртінші айыпталушы үш жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда кішентай сәбиінің бар екенін ескере отырып, сот жазаны өтеу мерзімін бес жылға кейінге шегерген.

Одан бөлек, экс-шенеуніктер мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964671-sqo-da-buryngy-seneunik-aielder-attestaciyalaudan-otkizu-usin-mugalimderden-aqsa-algan/

pixel