Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда лауазымды полицей ұсталды

Опубликовано:

Кісен салу
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оралда қалалық полицияның көші-қон бөлімінің бастығы Қанат Мұқанов ұсталды. Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады, деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы.

Басылымның алдын ала дерегі бойынша, подполковник жедел түрде анықтама бергені үшін 50 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта ол Оралдағы уақытша ұстау изоляторында отыр.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті әріптестерінің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартып, өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментке жүгінуге кеңес берген.

Ал ведомство Қанат Мұқановтың ұсталғанын растаған, бірақ істің мән-жайын ашып айтпаған.

БҚО сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған іске қатысты материалдар әзірге тергеу сотына түспеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін ақпан айында Орал қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталғаны хабарланған еді.

Сонымен қатар 11 сәуірде Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы Талғат Тәліповтің ұсталғаны белгілі болды.

Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, Тәліпов қаңтар оқиғасы кезінде өзінің қызметтік міндеттерін орындамай, әуежайды күзетсіз қалдырған. Салдарынан әуежайды басып алуға жол берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964675-oralda-policiya-bastygy-ustaldy/

pixel