Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік жүргізуші жарты жылда жол ережесін 178 рет бұзған

Опубликовано:

көлік жүргізуші
Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов ОКҚ өткен брифингте Шымкентте көлік жүргізушісі жарты жыл ішінде жол ережесін 178 рет бұзғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атығай Арыстановтың сөзінше, былтыр Шымкент қаласы бойынша 1000-нан астам бақылау камерасы қойылған. Бір жылдың ішінде жол қозғалысы ережесін бұзу фактілерінің 70 пайызын осы камералар тіркеген.

"Шымкенттік жүргізушілерге салынған айыппұлдар мөлшері 2,2 млрд теңге болды. Мысалы, жарты жылдың ішінде 178 рет жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші анықталды. Оның айыппұлдарының жалпы сомасы 4,5 млн теңге", - дейді Атығай Арыстанов.

Ол аталған өңірдің жүргізушілерін жолдарда абай болуға шақырды.

Комитет төрағасының айтуынша, цифрлық технологиялардың көмегімен жол ережесінің сақталуына үлес қосып жүрген қарапайым азаматтардың қатары артып келеді.

"Мысалы, "102" мобильді қосымшасын іске қостық. Бұл қосымша арқылы азаматтар аудио немесе бейне қоңырау шалу арқылы ішкі істер органдарына жүгіне алады. Уәкілетті органға әкімшілік құқық бұзу фактілерін дәлелдейтін фотолар мен бейнематериалдар жолдауға болады", - дейді Арыстанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысы Жетісай ауданында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылғанын жазған едік.

Өзге көліктерден басып озып жүрген жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964705-aiyppuly-45-mln-tenge-symkenttik-zurgizusi-zarty-zylda-zol-erezesin-178-ret-buzgan/

pixel