Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігі әскери техникалардың Алматы ішіндегі қозғалысына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Әскери техника11
Әскери техника. Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі әскери техникалардың Алматы ішіндегі қозғалысына қатысты пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, бұл Қарулы күштерде жауынгерлік даярлық іс-шаралардың өтуімен байланысты.

Министрлік қазіргі уақытта Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының аумағында "Батыл тойтарыс – 2022" кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатқанын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі сәуір айында оқ-жаттығу жиыны өтетінін, осы орайда әскери бөлімшелер практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайтын полигондарға темір жол көлігімен, жауынгерлік техникамен жетуді көздеп отырғанын хабарлаған еді.

Президенттің әскердің жауынгерлік дайындығын түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл іс шара жаңа форматта өтеді.

Оның барысында бөлімшелердің белгіленген мерзімде жүктелген тапсырмаларды орындау үйлесімділігі мен қабілеттілігі, әскери қызметкерлердің дайындығы, сондай-ақ командирлердің қоластындағы әскерилерді және бекітілген бөлімшелерді басқару қабілеті бағаланады.

Сонымен қатар қарулы күштердің барлық құрамалары мен бөлімдері, сондай-ақ әскери басқару органдары тексерілетінін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964715-qorganys-ministrligi-askeri-texnikalardyn-almaty-isindegi-qozgalysyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel