Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Босаңсуға болмайды": Тоғжанов коронавирустың жаңа штамына дайын болу керегін айтты

Опубликовано:

Ералы Тоғжанов
Ералы Тоғжанов. Фото: primeminister.kz

Нұр-Сұлтан қаласында ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған форумда үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов азаматтарымыз қалыпты өмірге оралғанымен, әлі де босаңсуға болмайтынын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, бүгінгі күні коронавирустың деңгейі айтарлықтай төмендеді.

"Азаматтарымыз 100 пайыз еркін, қалыпты өмірге келіп жатыр. Алайда әлі де босаңсуға болмайды", - деді Ералы Тоғжанов.

Премьер-министрдің орынбасары қазіргі кезде КВИ-дің "стелс-омикрон" деген жаңа штамы пайда болғанын сөз етті.

"Бұл Қытайда (30%) өсіп келеді. Одан бөлек, Тынық мұхиты өңірінде де таралып келе жатқаны байқалады. Ал Аустралияда 130 пайызға дейін өскен. Сондықтан босаңсуға болмайды. Оған дайын болуымыз керек", - деді ол.

Айта кетейік, 11 сәуірде елімізде коронавирус жұқтырған 11 адам тіркелді.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 2

Алматы қаласында - 7

Солтүстік Қазақстан облысында - 2.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964718-bosansuga-bolmaidy-togzanov-koronavirustyn-zana-stamyna-daiyn-bolu-keregin-aitty/

pixel