Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шаңды дауыл, найзағай: Синоптиктер еліміздің он бір өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Жел
Көрнекі фото: pixabay.com

Метеорологтар еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктер мәліметінше, ертең, 13 сәуірде Ақтөбе облысында тұман түседі. Ал Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл күтіледі.

Мамандар Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Атырау облыстарында найзағай жарқылдауы мүмкін екенін жеткізді.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарында жел соғады.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер сәуір айына арналған маусымдық ауа райы болжамын ұсынды.

Метеорологтардың хабарлауынша, көктемнің екінші айында республиканың көп бөлігінде қар еріп, күн ұзарып, ауа температурасы одан әрі жоғарылайды.

Бұл айда найзағай, бұршақ, шаңды дауыл сияқты құбылыстар жиі кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964719-sandy-dauyl-naizagai-sinoptikter-elimizdin-on-bir-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalady/

pixel