Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұғалім болып жұмысқа орналаспақ болған қызылордалық 850 мың теңгесінен айырылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pxhere.com

Мұғалім болып жұмысқа орналаспақ болған қызылордалық 850 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне арызданған.

Әйел тәртіп сақшыларына өткен жылдың тамыз айында ер адам "мұғалім қызметіне тұрғызып беремін" деп уәде беріп, 850 мың теңге алғанын жеткізіпті.

Алайда көп ұзамай ол телефон қоңырауларына жауап бермей, сөз берген қызметіне кіргізбеген.

Осыдан кейін әйел полицияға арыздануға тура келді деп отыр.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, облыс орталығының тұрғынының ұсталғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігімен ("Алаяқтық") сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған.

Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964721-mugalim-bolyp-zumysqa-ornalaspaq-bolgan-qyzylordalyq-850-myn-tengesinen-aiyryldy/

pixel