Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда балабақшадан үш жасар қыз бала қашып кетті

Опубликовано:

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарлық полицейлер балабақшадан өз бетімен кетіп қалған үш жасар қыз баланы іздестірді. Бала кешке алып кету керек болған әжесін күтпеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Павлодар қаласында 7 сәуір күні полицияға 3 жасар қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

Тез арада тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарын бастап, шаһардағы дүкеннің бірінен қыз баланы тапты.

Белгілі болғандай, немересін күнделікті әжесі балабақшадан алып келіп отырған. Дәл сол күні үш жасар қыз бала әжесін күтпестен, мекеменің аумағынан шығып кеткен.

Бұл ақпаратты Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибегүл Қамзина растап отыр.

Оның сөзінше, бұған ұқсас тағы бір жағдай 11 сәуірде тіркелген. 20.40-та полицияға Ладожская көшесінің бойындағы үйден серуендеуге шыққан 5 жасар баланың жоғалып кеткені туралы қоңырау келіп түскен.

Баланы ауладан таппаған анасы дереу полицияға хабар берген.

Оны тәртіп сақшыларынан бөлек, еріктілер де іздеді. Нәтижесінде 23.00 шамасында бала үйлердің бірінің кіреберісінен табылған.

Осы орайда полиция департаменті ата-аналарға балаға мұқият болу, бейтаныс адамдармен кездесуге тыйым салу, балаға бейтаныс адамның өтініші туралы, соның ішінде интернеттегі әрекетінің әрбір фактісін хабарлауды үйрету керектігін еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964727-pavlodarda-balabaqsadan-us-zasar-qyz-bala-qasyp-ketti/

pixel