Өткен тәулікте елімізде 12 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 12 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Telegram-дағы Coronavirus2020.kz арнасы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 2
  • Алматы қаласы - 8
  • Алматы облысы - 1
  • Қарағанды облысы - 1.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 305 327-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте 41 адам коронавирустан жазылып шықты.

Еске сала кетсек, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов азаматтарымыз қалыпты өмірге оралғанымен, әлі де босаңсуға болмайтынын жеткізген еді.

Оның сөзінше, коронавирустың "стелс-омикрон" деп аталатын жаңа штамы пайда болған. Осы ретте, Тоғжанов бұл штамм өзге елдерде қарқынды тарап жатқандықтан, оған дайын болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964746-otken-taulikte-elimizde-12-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/