Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күдік тудыратын сәттер көп": Қырғызстан аумағынан денесі табылған сарбаздың туыстары мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Ұлықбек Бердишов
Ұлықбек Бердишов. Фото: elitar.kz

10 сәуірде бір айдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Бердишовтің денесі табылған болатын. Марқұмның туыстары Elitar.kz тілшілерімен байланысқа шығып, оның өліміне кінәлі адамдар бар екеніне сенімді екенін айтты.

Ұлықбектің анасы Орынкүл Мерекованың сөзінше, ол сабырлы, салмақты бала болатын.

"Оның өзіне қол салуы мүмкін емес. Мен оның өліміне кінәлі адамдар бар екеніне сенімдімін. Ол шекараны кесіп өтуге болмайтынын білді, бұл туралы оларға командирлері қатаң ескерткен. Неге ол шекарадан өтіп, қырғыз жағынан табылды? Денесі жоғалғанына 39 күн болғанда табылып отыр. Бұл уақытта желдің, қар мен жаңбырдың әсерінен әлдеқашан бүлініп кетер еді. Бір нәрсе болған.

Жақында ұлыммен бірге борышын өтеген жергілікті жігіттердің бірі демобилизациядан кейін ауылға оралды. Ұлықбек оған әңгіме барысында әскерде ешкімнің борышын өтегенін қаламайтынын айтқан", - дейді марқұмның анасы.

Орынкүл Мерекованың айтуынша, телефонмен сөйлесу кезінде ұлының бір нәрсе айтқысы келетінін сезген. Алайда өзге біреудің телефонынан хабарласып тұрғандықтан немесе қасында біреу болғандықтан ол ойын ашып айта алмаған болуы мүмкін дейді анасы.

Сондай-ақ Ұлықбектің ағасы Бауыржан Мереков інісінің аман-есен табылатынына соңына дейін сенгендерін айтады.

"Біз ақыр соңына дейін оның тірі екеніне сендік. Өкінішке қарай, бәрі қайғылы аяқталды. Мұнда түсініксіз әрі күдік тудыратын сәттер көп. Андас ауылы әкімдігінің ғимаратында әскерилер бізге Ұлықбектің киімін берді. Ол таза. Біз оны қырық күнге жуық іздедік, егер ол ашық аспан астында болса, киімі бұлай таза болмас еді. Оның денесі табылған кезде жартаста ілініп тұрған. Ол мұндай күйде бірнеше уақыт тұрғанға ұқсамайды", - дейді Бауыржан Мереков.

Басылымның жазуынша, Орынкүл Мерекова ұлын абайсызда өлтіріп алып, бір жерде ұстап отырды, кейінірек 39 күннен кейін табылған орынға апарып қойды деп есептейді.

"Ұлымның өліміне кінәлілер заң бойынша жауап беруі үшін сотқа беремін. Мен баламды әскерге өлі денесін алу үшін жіберген жоқпын", - дейді марқұм жігіттің анасы.

Ұлықбек - отбасында тұңғыш бала. Одан бөлек тағы 4 бала бар. Олардың бәрі мектеп оқушысы. Ал әкесі - мүгедек, көзі нашар көреді, жүрегі ауырады.

Еске сала кетейік, Ұлықбек Бердишов Меркідегі "Андас батыр" шекара бөлімшесінде отан алдындағы борышын өтеп жатқан еді. Ол 2 наурыз күні жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен болатын.

11 сәуір күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлықбек Бердишовтің денесі Қырғызстан шекарасы аумағында табылғанын хабарлады.

Ведомство сарбаз өлімнің алдын ала себебі механикалық асфиксия екенін, денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964762-onyn-tiri-ekenine-sendik-qyrgyzstan-aumagynan-denesi-tabylgan-sarbazdyn-tuystary-malimdeme-zasady/

pixel