Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы пирамидасы: Алаяқтар халықты қандай сөздер арқылы "тұзаққа" түсіреді

Опубликовано:

Ойланып тұр
Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігіне қарасты тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаржы пирамидаларына қарсы тұру шаралары жайлы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Cанжар Әділов 2021 жылы Қазақстанда 31 мыңнан астам азамат қаржы пирамидаларының құрбаны болғанын алға тартты. Оларға 54 миллиард теңгеден астам сомаға залал келген.

Оның сөзінше, қазіргі кезде қаржы пирамидасына қатысы ішкі істер органдарында 65 қылмыстық іс қаралып жатыр. Онда 3 мыңнан астам жәбірленуші бар.

"Тәжірибе көрсеткендей соңғы жылдары бұл салада қылмыстың өсуіне экономикалық  белсенділік пен халықтың инвестицияға қызығушылық танытуы себеп болып отыр. Сұраныс бар жерде ұсыныс та болады",-деді тергеу департаментінің басшысы.

Сонымен қатар Санжар Әділов алаяқтар жарнамалар арқылы халықты өз "тұзақтарына" түсіріп жатқанын және қандай сөздерді қолдану арқылы адамдарды баурап алатынын сөз етті.

"Қаржы пирамидалары инвестиция саласында өздерін табысты жұмыс істеп жатқан мекеме ретінде көрсетеді.

Олар өздерінің жарнамаларында "инновациялық жобалар", "жоғары табысты бизнес", "өте тиімді", "онлайн табыс", "табыстылығына кепілдік береміз" деген сияқты сөздерді қолданады",-деді департамент басшысы. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964856-qarzy-piramidasy-alayaqtar-xalyqty-qandai-sozder-arqyly-tuzaqqa-tusiredi/

pixel