Қауіпті селфи: Қостанайлық полицейлер жігітімен жанжалдасқан қызды құтқарып қалды

Опубликовано:

Полицейлер
Фото: Polisia.kz

Қостанайда полицейлер көпірде қауіпті селфи жасап, жігітін қорқытпақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

11 сәуір күні таңғы сағат 06.20-да патрульдік полиция экипажы құрамындағы Талғат Қалисенов пен Диас Бабулов Тәуелсіздік көшесін патрульдеу кезінде көлік шамымен белгі берген автокөлікті байқаған.

Осылайша, көлік жүргізушісі көпірден өтіп бара жатып, рельстен көтерілуге тырысқан қызды көргенін айтады. Экипаж дереу оқиға орнына аттанған.

"Біз келе жатқанда менің серіктесім Диас Бабулов көліктен шығып, көпір қоршауынан өтпек болған қызды ұстады", – деді полиция қызметкері Талғат Қалисенов.

Полицейлер жылап жатқан қызды көлікке салып, тыныштандырған. Ол бұл әрекетінің себебі жігітпен арадағы жанжал болғанын айтады.

Қыз көпірде тұрғанын суретке түсіріп, жас жігітке қауіпті селфиін жіберуді шешкен көрінеді.

Бойжеткен дағдарыс орталығына жеткізілген, қазіргі уақытта психологтар онымен жұмыс істеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964878-qauipti-selfi-qostanailyq-policeiler-zigitimen-zanzaldasqan-qyzdy-qutqaryp-qaldy/