Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада супермаркеттен брендтік виски бөтелкесін ұрлаған ер адам ұсталды

Опубликовано:

Дүкен
Видеодан кадр: Polisia.kz

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері алкогольді ішімдік ұрлады деген күдікпен 38 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында ер адамның дүкенге кіріп, алкоголь өнімдерін сататын бөлімге барғаны анықталды.

Сатушының басқа клиенттерге қызмет көрсетіп жатқанын пайдаланып, күдікті алкогольді ұрлаған. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Бейнетаспада ер адам спирттік ішімдіктер сататын сөрелерге жақындап, бөтелкені алып киімінің ішкі қалтасына жасырғаны көрінеді. Ол "Jameson" брендінің бір бөтелке вискиін ұрлап үлгерген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұрын сотталған күдікті өз кінәсін мойындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964879-elordada-supermarketten-brendtik-viski-botelkesin-urlagan-er-adam-ustaldy/

pixel