Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Террористер мен педофилдерге Қазақстанға кіруге тыйым салынбақ

Опубликовано:

Әуежайдың іші
Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында халықтың көші-қоны саласындағы заң жобасын мақұлдады, оған сәйкес педофилдер мен экстремизм-терроризмге қатысы бар адамдардың Қазақстанға кіруіне тыйым салынады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Парламент мәжілісінің депутаты Ғазиз Құлахметов заң жобасында халықты құжаттандыру рәсімдерін оңтайландыратын және қолданыстағы заңнамалық актілерде ескерілмеген тұстарды жүйелейтін ұсыныстар енгізілгенін айтты.

Ол негізінен шетел азаматтары мен босқындарға қатысты заң жобасының негізгі ережелерін ұсынды.

Сонымен қатар, "Босқындар туралы" заңның 8 және 9-баптарын сәйкестендіру мақсатында өзгерістер енгізілетінін сөз етті.

Оған сәйкес, пана іздеген адамдар мен босқындар Қазақстан аумағындағы мекенжайын ауыстырған жағдайда тіркеуден шығып, 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органда қайта тіркелуі керек.

Бұдан бөлек, "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы", "Халықтың көші-қоны туралы" заңдары шетел азаматтарының елімізге кіруіне тыйым салынатын қосымша негіздемелермен толықпақ.

"Шетел азаматтарының экстремизм-терроризмге қатысы бары немесе Қазақстанда экстремистік не террористік деп танылған ұйымға қатысы бары туралы ақпараттар негізінде шетел азаматының елге кіруіне тыйым салынады.

Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік органдарына тыйым салу себебін түсіндірме құқығын беру ұсынылады. Балаларды қылмыстық құқықбұзушылықтан қорғау мақсатында үш заңға келесі нормалар енгізіледі.

Кәмелетке толмаған балаларға сексуалды сипатта қылмыс жасағандарға Қазақстанға келуіне өмір бойына тыйым салынады", - деп атап өтті мәжіліс депутаты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964882-terrorister-men-pedofilderge-qazaqstanga-kiruge-tyiym-salynbaq/

pixel