Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар бағамы түскеннен кейін азық-түлік арзандай ма

Опубликовано:

Сауда орны
Көрнекі фото: pixabay.com

Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков "Қазақстанда доллар бағамы түскеннен кейін азық-түлік арзандай ма" деген сауалға жауап берді. Бұл сауал оған орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның сөзінше, наурыз айында доллар күрт көтерілгеннен кейін қазақстандықтар дүрлігіп қалған. Көбісі жаппай дүкенге жүгірді. Сұраныс бірден жоғарылағаны белгілі. Содан сауда желілері де бағаны көтере бастады, дейді комитет төрағасының орынбасары. Себебі сатып алынатын тауарлар қымбаттайды деп кауіптенген.

"Қазір доллар артқа қарай шегінді. Алайда естеріңізде болса, доллар күрт өскенде бағалар бірден өскен жоқ қой. Менің ойымша, барлығы орнына келеді, баға да бірте-бірте төмендей бастайды", - деді Айдар Әбілдабеков.

Ол көтерме сауда желілері бағаны көтерсе, дүкендер де өз үстемесін қосатынын алға тартты.

"Енді, біз заң бойынша кез келген дүкенге кіріп, тексеріс жасай алмаймыз. Себебі мораторий бар. Алайда қазіргі уақытта республика бойынша 114 базар тексеріліп жатыр. Соның ішінде "Алтын орда" базары да бар. Ол жерде тексеріс аяқталуға жақын. Сол себепті баға түседі деп ойлаймын. Қазіргі деңгейде тұра бермейді. Өйткені бәсекелестік баға түсіруге мәжбүр етеді", - деді комитет төрағасының орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964888-qazaqstanda-dollar-bagamy-tuskennen-keiin-azyq-tulik-arzandai-ma/

pixel