Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда макаронның бір келісін 18 млн теңгеге сатып алмақ болғандар анықталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

"Петропавл қаласының әлеуметтік бейімдеу орталығы" КММ 17 776 750 теңгеге бір келі макарон сатып алуды жоспарлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сілтеме жасап.

Департамент дерегінше, өңірде мемлекеттік сатып алу жүйесіне тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Нәтижесінде 2022 жылдың 1-тоқсан қорытындысы бойынша сатып алу бағасы 581,9 млн теңгеге төмендеді.

Осы ретте СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин кейбір тауарлардың құнын көтерудің фактілеріне мысал келтірді.

Мәселен, облыстық фтизиопульмонология орталығының басшылығы департаменттің ұсынымдық хатынан кейін жалпы сомасы 150 млн теңгеге 100 000 респиратор сатып алудан бас тартып, 150 теңгеден 10 қалам сатып алуды жоспарлаған.

Айта кету керек, бір жеке қорғаныс құралының орташа бағасы 493 теңгені құрайды.

Сондай-ақ Нұрлан Жахин "Петропавл қаласының әлеуметтік бейімдеу орталығы" КММ 17 776 750 теңгеге бір келі макарон сатып алуды жоспарлағанын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуы нәтижесінде оны бір келі үшін 250 теңге бағамен жалпы сомасы 23 250 теңгеге сатып алу туралы шешім қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964894-petropavlda-makaronnyn-bir-kelisin-18-mln-tengege-satyp-almaq-bolgandar-anyqtaldy/

pixel