Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында шаңды дауыл басталды (видео)

Опубликовано:

Ақтау қаласы
Фото: instagram.com/mangystau_tjd

Маңғыстау облысында күн бұзылып, шаңды дауыл басталды. Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін мұқият болуға және аса маңызды болмаса тасжолға шықпауға шақырады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары! Ауа-райының күрт бұзылып, шаңды дауылдың болуына байланысты Маңғыстау облысы полиция пепартаменті сіздерден ұзақ сапарға шыққанда өте мұқият және сақ болуларыңызды, сонымен қатар, аса қажеттілік болмаған жағдайда жолға шықпауларыңызды сұрайды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары азаматтарды жылдамдықты шамадан тыс асырмай, жол ережелерін қатаң түрде сақтауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде шаңды дауыл болатынын хабарлаған. Олардың қатарында Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары болды.

Бұдан бөлек, Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті де өңірде шаңды дауыл болатын ескерткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964898-mangystau-oblysynda-sandy-dauyl-bastaldy-video/

pixel