Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қар көшкіні астында қалған екінші адамның денесі табылды (фото)

Опубликовано:

Құтқарушылар
Фото: Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті

Алматы тауларындағы қар көшкіні кезінде жоғалып кеткен екінші ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы тауларының "Молодежный" шыңында қар көшкіні жүргенін хабарлаған болатынбыз.

Кейінірек қар көшкіні астында қалған екі адамның бірі аман табылды.

Ал екіншісінің қар астында қалып, көз жұмғаны белгілі болды. Оның денесін тапқан құтқарушылар қазіргі уақытта жедел тергеу тобын күтіп отыр.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ерлан Әлібековтің айтуынша, 6 адам тауға шығып сырғанаған. Бұл көшкіннің шығуына себеп болыпты. Олардың бесеуі Франция азаматы.

Қардың астында қалғандардың біреуі дене жарақатын алған.

Құтқарушылар
Мәйітті тапқан ит. Фото: Алматы ТЖД

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, марқұмның денесін Чарли лақап аты бар кинолог ит тапқан. Ер адамның денесін құтқарушылар арнайы тікұшақпен Медеуге жеткізген.

Айта кетейік, қар көшкінің астында қалып зардап шеккен және қаза тапқан екі адам да Франция елінің азаматтары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964901-almatyda-qar-koskini-astynda-qalgan-ekinsi-adamnyn-denesi-tabyldy-foto/

pixel