Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш адам қаза тапты": Түркістан облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Опубликовано:

Түркістан облысындағы жол апаты
Фото: Polisia.kz

Сәрсенбі күні Сарыағаш - Шымкент тас жолында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тауып, автобуста болған төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

13 сәуір сағат 19:00 шамасында Сарыағаш АПБ-ға Сарыағаш-Шымкент тас жолында болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы, аудандық полиция бөлімі және прокуратураның басшылығы шықты.

Түркістан облысындағы жол апаты
Фото: Polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, сағат 19:00 шамасында 30-ға жуық жолаушысы бар Yutong автобусы Шымкент қаласы бағытына қозғалған. Осы сәтте қарсы беттен Audi 100 автокөлігі шығып, автобуспен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ автобустың тағы төрт жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы мен қайтыс болғандардың жеке басы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964921-us-adam-qaza-tapty-turkistan-oblysynda-avtobus-pen-zenil-kolik-soqtygysty/

pixel