Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шанағы көтеріліп кеткен жүк көлігі Қапшағай тас жолындағы көпірге соғылды

Опубликовано:

Жүк көлігі
Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Алматы-Өскемен тас жолында Hovo жүк көлігі Қапшағайға жақын маңдағы жол көпіріне шанағымен соғылды. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 48 жастағы жүргізуші зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде жол апаты болған жерде түсірілген суреттер жарияланды. Кадрлардан ауыр жүк көлігінің шанағы көпірге тиіп, "артқы аяқтап" тұрып қалғанын көруге болады.

Жол апатына облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство Алматы-Өскемен тас жолының 62-ші шақырымында жол апаты болып, салдарынан 48 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккенін хабарлады.

"Жүргізуші көлік жүріп келе жатқанда оның шанағы кездейсоқ көтеріліп кеткенін айтты. Машина жол көпірінің төменгі бөлігіне соғылып, жарнамалық билбордты зақымдады. Салдарынан жүк көлігі "артқы аяғымен" тұрып қалды. Көпір тірегі зақымданбаған. Жүргізушінің өзі жеңіл жарақат алды, қазір медициналық тексерістен өтіп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты фактісі бойынша Қазақстан әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабында қарастырылған әкімшілік хаттама толтырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964922-sanagy-koterilip-ketken-zuk-koligi-qapsagai-tas-zolyndagy-kopirge-sogyldy/

pixel