Ақмола тұрғыны анасының атынан несие алып, құмар ойынға салып жіберген

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола тұрғыны анасының атынан несие рәсімдеп, құмар ойынға жұмсап жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын өтініш жасап, полицейлерге 6 сәуірде 28 жастағы ұлы өзіне тиесілі Samsung ұялы телефонын ұрлап әкеткенін хабарлаған.

Кейін гаджетте орнатылған банктің мобильді қосымшасы арқылы жас жігіт оның атына 1,5 млн теңге сомасында онлайн несие рәсімдеген. Залалдың жалпы сомасы 1 млн 680 мың теңгені құрады. Жігіттің мекенжайын анықтау үшін полиция қызметкерлері бірқатар жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, күдіктіні жалдамалы пәтерде ұстады.

Заттай дәлел – Samsung ұялы телефоны тәркіленді. Ер адам ойынға тәуелділіктен зардап шегетіні және несиеге алынған ақшаны сол күні ұтылғаны белгілі болды.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам қарыздарын беру үшін үшінші тұлғалардың атынан бірнеше рет несие алған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды,

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964939-aqmola-turgyny-anasynyn-atynan-nesie-alyp-qumar-oiynga-salyp-zibergen/