Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жол апатынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде жол апаты болып, жедел жәрдем көлігіндегі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласының ағайынды Жұбановтар көшесінде Toyota Camry көлігі мен жедел жәрдем машинасы соқтығысқан. Салдарынан жедел жәрдем көлігіндегі адам ауруханаға түскен.

"Toyota Camry көлігінің 74 жастағы жүргізушісі қиылыста негізгі жолмен келе жатқан жедел жәрдем көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды. Мейірбике жараланған.

Ол жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964949-aqtobede-zol-apatynan-zedel-zardem-koligi-audarylyp-qaldy/

pixel