Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Минск-Алматы бағытындағы ұшаққа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама расталмады

Опубликовано:

Ұшақта жарылғыш зат қойылды деген ақпарат расталмады
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы әуежайының электрондық поштасына Минск – Алматы бағытында ұшып келе жатқан ұшақ бортына жарылғыш зат қойылғаны туралы жіберілген хабарлама расталмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

Zakon.kz сайты бортта 171 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болғанын жазды. Ұшақ 3:59-да қонған.

"Әуе кемесінде жарылғыш зат бары туралы ақпаратты алғаннан кейін апаттық жоспарға сәйкес кешенді тексеру жүргізілді. Әуе кемесінде жарылғыш заттың бары туралы ақпарат расталмады", - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне.

Еске салсақ, наурыз айында Алматы полицейлері 7 нысанға жарылғыш зат қойылды деген ақпарат келіп түскенін мәлімдеген еді. Алайда олардың ешбірінен күдік тудыратын зат табылмаған болатын.

Одан бөлек, Қарағандыда ХҚКО-ға жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат берді деген күдікпен ер адам ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964967-minsk-almaty-bagytyndagy-usaqqa-zarylgys-zat-qoiylgany-turaly-xabarlama-rastalmady/

pixel