Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуразиялық банк рейтингілеріне қатысты болжам тұрақты екені расталды

Опубликовано:

Фото
Фото: Eurasian bank

Moody’s Investors Service (Moody’s) рейтинг агенттігі Еуразиялық Банктің ұзақ мерзімді рейтингісінің В2 деңгейдегі болжамын тұрақты екенін растады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Рейтингті растау банктің тұрақты дамуына қатысты Moody's болжамдарын көрсетеді. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша тұрақты болжам – банктің капиталдандырылуы жеткілікті екенін, сондай-ақ оның табысы әрі өтімділігі жоғары екенін көрсетеді. Бұл өз кезегінде жоғары инфляция мен бизнесті жүргізу шарттарын қатаңдату салдарынан активтер сапасының мүмкін болатын әлсіреу тәуекелдерін басқаруға мүмкіндік береді.

Агенттік өкілдерінің пікірінше, Қазақстанның банк секторының операциялық ортасы мен несие қабілеттілігі 2022 жылдың қаңтар айында болған төтенше жағдай кезінде, әлеуметтік және саяси тәуекелдерге тұрақты екенін көрсетті.

"Еуразиялық банк" АҚ – 28 жылдық даму тарихы бар Қазақстанның әлеуметтік маңызды коммерциялық банктерінің бірі. Банк – активтер мөлшері бойынша еліміздегі ең ірі банктердің арасында үздік ондықта әрі ол бөлшек банкинг нарығында жетекші орынға ие. Сонымен бірге банк корпоративтік клиенттер мен ШОБ субъектілеріне қызметтердің кең спектрін ұсынады. Банк ERG тобының экожүйесіне жатады (минералдық ресурстарды өндіру және өңдеу саласы бойынша әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі).

2020 жылдың 3-ші ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен № 1.2.68/242/40 лицензиясы берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964978-euraziyalyq-bank-reitingilerine-qatysty-bolzam-turaqty-ekeni-rastaldy/

pixel