Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да халал шұжықтар мен консервілерден шошқа еті табылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Солтүстік Қазақстан облысында санитар дәрігерлер мониторинг аясында ет өнімдерінің сынамасын алып, "халал" шұжықтар мен консервілерден шошқа етін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО бойынша ДСМ СЭБК Ұлттық сараптама орталығы сынақ зертханасының мәліметінше, мамандар наурыз айында халық тұтынатын тауарлар сапасының мониторингі аясында сатылымдағы ет өнімдерінен 38 сынама сатып алған.

Зерттеу барысында екі түрлі сиыр консервісінен және шұжықтың бір сынамасынан сәйкессіздіктер анықталды, яғни "халал" белгісі бар бұл өнімдерден шошқаның ДНК-сы табылды. Оның барлығы Ресейде әзірленген, соның ішінде Башқұртстан Республикасы "Павлов А.С" ЖК-нің жартылай ысталған "Мусульманская" шұжығы, "Стандарт" Курганский мясокомбинат" ЖШҚ-нің "Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті" және "Орелпродукт" АҚ-ның "Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті" стерильденген кесек етті консервілері бар.

"Сондай-ақ құрамында еті бар, тартылған ет салынған "Түскі астық доңыз еті" консервісінен тауық ДНК-сы табылды. Бұл өнім Мәскеу облысы, "Селятино" ет өңдеу зауытында шыққан. Бұл өнімдер талапқа сай келмеуіне байланысты сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне енгізілді", - делінген баспасөз хабарламасында.

"Ұлттық сараптама орталығы" СҚО филиалы мамандарының айтуынша, өндірушілер тамақ өнімдерін таңбалау бойынша да бірқатар заң бұзушылыққа жол берген, оның ішінде заттаңбада көрсетілген сипаттамалар іс жүзінде құрамымен сәйкес келмейтіні анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964999-sqo-da-xalal-suzyqtar-men-konservilerden-sosqa-eti-tabyldy/

pixel