Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әтір және басқа да иіссуларды қолдану оразаны бұза ма: Имам жауап берді

Опубликовано:

Әтір сеуіп жатыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Әтір және басқа да иіссуларды қолдану оразаны бұза ма? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы бойынша бас имамы, облыстық "Халифа Алтай" мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай жауап береді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Оның сөзінше, әтір, иіссуларды пайдалану, олардың хош иісін иіскеу Ханафи мәзһабы бойынша оразаны бұзбайды және оразаға ешқандай жағымсыз әсер етпейді. Сонымен қатар хош иісті өсімдіктер иісін, мысалы, раушангүл мен раушан майын иіскегенде ораза бұзылмайды.

 Сонымен қатар Ермек қажы Мұқатай душ қабылдау, шомылу немесе жүзу оразаны бұзбайтынын жеткізді.

"Өйткені ораза ұстаған адамға суға түсуге тыйым салынбаған. Алайда суға түскен адам аузын шайған кезде су жұтып қоймауы қажет. Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ораза ұстап жүрген кезде суға түсіп, ғұсыл алғаны туралы деректер бар", - деді облыстық "Халифа Алтай" мешітінің бас имамы.

Айта кетейік, биыл ораза 30 күнге созылады.

  • 2 мамыр – Ораза айт күні.
  • 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.

Ал биылғы пітір садақа мөлшері – адам басына 500 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965000-atir-zane-basqa-da-iissulardy-qoldanu-orazany-buza-ma-imam-zauap-berdi/

pixel