Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір жыл бұрын 662 млн теңгеге салынған жағалаудың тозығы жеткен: Қостанай әкімі пікір білдірді

Опубликовано:

Қостанайдағы жағалау
Фото: instagram.com/marat_zhundubaev

Қостанай қаласының тұрғындары 2021 жылдың тамыз айында 662 миллион теңгеге салынып, қазірдің өзінде тозып кеткен жағалауды талқылап жатыр. Қала әкімі Марат Жүндібаев бұған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Марат Жүндібаев Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Өткен жылы Притобол паркінің солтүстік бөлігінің жағалау аймағын абаттандыру жұмыстары аяқталған бөлігінде оның қазіргі жай-күйі әлеуметтік желілерде белсенді талқылануда.

Бүгін мен жағалауда болдым, мердігермен жаяу жүріп, аумақты тексердім. Шынында да, қыс мезгілінен кейін көптеген проблемалар анықталды. Бұл сынған плиткалар, ұсақ нысандардың бұзылған элементтері. Жүргізілген жұмыстардың сапасынан басқа, егер көптеген объектідегі зақымданулардың сипатына назар аударсақ, онда негізінен вандализм жағдайлары бар.

Тексеру қорытындысы бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Мердігермен жұмыстарды 9 мамырға дейінгі мерзімде аяқтауға кепілдік міндеттемелері аясында уағдаластық бар.

Негізгі жұмыстардан басқа, осы аумақта мердігер ұйымның есебінен бейнебақылау орнатылады.

Әрі қарай мен "Шағала" жағалауын, қалалық жағажай мен Триатлон саябағын тексердім. ТКШ бөліміне қаланы санитарлық тазарту жөніндегі екі айлық аясында осы аумақты ретке келтіруді тапсырдым", - деді Қостанай қаласының әкімі.

Еске сала кетейік, Марат Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып 2022 жылдың 24 наурызында тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965007-bir-zyl-buryn-662-mln-tengege-salyngan-zagalaudyn-tozygy-zetken-qostanai-akimi-pikir-bildirdi/

pixel