jitsu gif
Оқыс оқиға

    Түркістан облысының тұрғыны танысының BMW көлігін сұрап алып, 12 млн теңгеге сатып жіберген

    BMW көлігі
    Көрнекі фото: Pixabay.com

    Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны құқыққорғаушыларға алаяқтық туралы хабарлады. Ер адам танысы өзінен уақытша BMW көлігін сұрап, қайтармағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Өңір тұрғыны танысы өзінен BMW көлігін алғанын түсіндірді. Артынша ол бір айға жуық уақыт түрлі себептер айтып, темір тұлпарды қайтармаған. Тәртіп сақшылары аталған фактіні Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тіркеді.

    Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті тұрақты мекенжайы бойынша ұсталды. Оның досынан көлік алып, 12 млн теңгеге сатып жібергені, ақшаны жеке қажеттіліктеріне пайдаланғаны анықталды.

    Қазір полицейлер аталған жайттың мән-жайын тексеріп, азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

    Құқыққорғаушылар азаматтарға алаяқтық куәгері болған жағдайда 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

    Түркістан облысының тұрғыны танысының BMW көлігін сұрап алып, 12 млн теңгеге сатып жіберген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.