Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда кәсіпкерлікпен айналысқан мектеп директоры айыппұл арқалады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Маңғыстау облысындағы мектептердің бірінің басшысына кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін 612 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Lada.kz Ақтау қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс материалдарына сүйенсек, 2021 жылдың 31 тамызынан бастап Мұнайлы ауданындағы мектептердің бірінің басшысы мемлекеттік кірістер басқармасына кәсіпкер ретінде тіркеліп, осы аралықта кәсіпкерлікпен айналысқан.

Сот үкімі бойынша директор ӘҚБтК-нің 154-бабы ("Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу белгіленген адамның осындай қызметпен айналысуы") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Білім беру мекемесінің басшысына 200 АЕК яғни, 612 600 теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965038-mangystauda-kasippen-ainalysqan-mektep-direktory-aiyppul-arqalady/

pixel