Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Білім және ғылым министрлігі балабақшаларға қойылатын талапты күшейтпек

Опубликовано:

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова сенат кулуарында елордадағы инклюзивті балабақшадағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шолпан Каринованың сөзінше, қазір аталмыш балабақшада тексеріс жүріп жатыр.

"Тексеріс аяқталған соң тиісті шаралар қабылданатын болады. Білім және ғылым министрлігі мұның өте қиын жағдай екенін мойындайды. Мұндай жағдай қайталанбауы тиіс, сондықтан біз қазір балабақшаларға қойылатын талапты күшейту бойынша шараларды қарастырып жатырмыз", - дейді вице-министр.

Осы ретте ол балабақшаларға да, тәрбиешілерге де талапты қатаңдату жоспарланып отырғанын жасырмады.

"Балабақшаларға тексеріс жүргізу тәртібін өзгертуді жоспарлап отырмыз. Бәлкім, балабақшаларды лицензиялауды қайтару қажет болатын шығар. Қазір бұл нормаларды қарастырып жатырмыз", - дейді Шолпан Каринова.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада балабақшада болған жағдайдың видеосы қазақстандықтардың наразылығын тудырған еді. Кадрларда мекеме қызметкерлерінің балаларды қалай ұрғаны бейнеленген.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") сотқа дейінгі тергеуді басталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965042-bilim-zane-gylym-ministrligi-balabaqsalarga-qoiylatyn-talapty-kuseitpek/

pixel