Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

AlanParking компаниясының директоры қамауға алынды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда AlanParking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық соттың баспасз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық соттың мәліметінше, Базарбаев сот санкциясымен 2 айға қамауға алынған.

"Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтініші қанағаттандырылды. (Ұсталған адамды – ред.) 2 ай мерзімге қамауға алу туралы шешім қабылданды", - деді Алматы сотының баспасөз қызметінен.

Дегенмен Базарбаевтың нақты қандай күдікке ілінгені айтылмады.

Компанияның ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, 21 желтоқсанда "RR2" ЖШС (Forbes.kz ақпаратынша иесі Қайрат Боранбаев) "AlanParking" ЖШС үлесінің 30 пайызын сатып алған.

Айта кетейік, "AlanParking" - Алматыдағы ақылы автотұрақтардың операторы.

Еске сала кетсек, наурыз айының ортасында Қайрат Боранбаев ұсталған болатын. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965093-alanparking-kompaniyasynyn-direktory-qamauga-alyndy/

pixel